А) Жолға шыққанда сусын құйып, жанға байлап жүретін тері ыдыс. ~ Шағырай жан торсықты іздеді. Жанқожа торсыққа шұбат құйдырып, іргеге көміп қоятын. Үстіне су септіреді. Итарқа тап жан торсық көмілетін жерге тұрғызылған екен. Шағырай әр жерді қамшы сабымен түрткілейді. Ақыры жан торсықты тапты. З.Шүк. ~ Құрып қал, ұялмай-қызармай айтып отырғаны несі? Түнде кетсе бір сәрі, тал түсте адам тірі боп қызын жібере ме екен? Біреудің жанына байлап жіберетін жан торсық па еді ол? Ондай бетпақтың шашын талдап тұрып жұлмас па?— деп, Шәрипа қызуланып, орнынан қозғалып-қозғалып қойды. Б.Май.
Ә) Біреудің айдауында жүретін итаршы д.м. ~ Мисыз ой, талыс аяқ, сасық қолтық, Мегежін, шартық бұқа, бойы қортық Буаз қатын секілді шартиғанда, Айран құйып байлаған бір жан торсық. С.Тор. ~ Бір Бижігіттің жеті қат жердің астындағыны біліп отыратын сұмақайлығы-ақ жетіп жатыр. Жанторсықтарын жан-жаққа тіміскілетіп жіберіп жатқан болар. Ш.Құм. ~ Мен қарамағанмен, жұрттың бәрі бізге қарап қалғанын сезіп келемін. Кім біледі, «әйелінің жылын өткізбей, мынау да жанына бір шүйкебасты жан торсық етіп байлап үлгірген екен!» деп жатқандар да бар шығар. І.Ес.
