Әлдебір іске (адамға, ойға) риясыз, құлай берілді д.м. ~ Бала үшін дүниеден безіп, сопы болып жүрген кезінде «пірәдар» деп келемеж қылғанына, сол бала үшін жан-тәнімен беріліп, әдейі есалаңданған шақтарында оған «Жорға» деп ат қойғанына – Шолпан Сәрсенбайға шын-шын ренжуші еді. М.Жұм. ~ Атына денесі сай. Оның үстіне өзін ажалдан аман алып қалған Кенесарыға жан-тәнімен берілген. Иесі шаш ал десе, бас алады. І.Ес. ~ Жазуға жан-тәнімен беріліп кеткен кейбір қаламгерді әдебиеттегі көрдемшелер есалаң етіп пайдаланатын сұмдық баяғыдан бар. Д.Қуат.
