Posted in

ЖАН-ТӘНІМЕН ҚАЛАДЫ

Бүкіл болмысымен, ой-санасымен әлдебір мақсатты алға қойып, соған талпыну, соны мақсат тұту хақында. ~ Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Қ.-Ж. Тоқ. ~ Оның көзіне бір ғана Дженевьева ілікті, бір ғана соған аңсары әбден ауды, тек соның сүйіспеншілігін жан-тәнімен қалады, қалады да — ойланбастан соның жөніне қарай жығылды; қыз да ойланбастан оның өмірі мен тіршілігіне әмірін жүргізе бастады. Дж.Лонд. ~ Мен қайсыбір адам да, бәлкім, былайғыларға білініп, байқалмайтын, тек оның өзі жан-тәнімен қалайтын адамына ғана сезілетін тылсым құдірет бар, болады деп ешқашан ойлаған емес едім. Н.Дәут.