Posted in

ЖАН-ТӘНІМЕН СҮЙДІ

Өліп-талып, жанын беріп, қалтқысыз сезіммен сүйді. ~ Жел ұшырып, балды қурайға жабыстырған арадай, Жеңсік жігіттің бауырында талықсып, әзер ғана қозғала байдың жалшысын шөп-шөп сүйеді, жан-тәнімен сүйеді. І.Жанс. ~ Жан-тәнімен сүю, ғашық болу меніңше адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет. І.Ес. ~ Бұл біреуді уақытша ұнату, мен уақытша өмір сүру дегенді білмейтін. Ол Сырымды да шын сүйген. Бар жан-тәнімен сүйген. І.Ес. ~ «Қуатты ойдан бас құрап, еркелетіп» шыққан сөздің құдіреті, туған халқыңды жан-тәніңмен сүюге жетелейді. Ш.Сари.