Жанталасып, асығыс. ~ Өзі Кәкітайды алып, ақ көбігі омырауын жапқан, қара тер басқан жүрдек қара жорғаны қайтадан соққылай шапқылап, паромға қарай жан ұшыра ұмтылды. М.Әу. ~ Ай, балам бері, бері қаш! — деп қойнын аша тосып тұрады. Жан ұшыра, шырылдап жеткен сәбиді шапанының етегіне орап қалады. Ж.Ахм. ~ Бала түспейді. Жан ұшыра шыңғырған ана қара суға шомылғандай терлеп, әлсіреп барып, есі ауып қайта жатады. М.Мақ.
