Posted in

ЖАН ҰШЫРДЫ

Безек қақты; жан таласты. ~ Ауылда қой сауып отырған Байсүгiрдiң кәрi шешесi, сабалып жатқан баласына жаны ашып, қолындағы шелегiмен, жан ұшырып жүгiрiп келедi. М.Әу. ~ Шайтанқасқаның соңынан жүгірдім жау-жәлем. Жер шетіне жетердей жан ұшырдым. Қашаған неме «құрқұрға» табандап тоқтап, оңайлықпен ұстатса қанеки?! Ж.Шағ. ~ Қимылсыз да шарасыз, қатып қалған бағандай, Ұстазыма бұрылдым жан ұшырған адамдай. М.Мақ. ~ Кеткендей құйын соғып күшті кенет, Боп кетті ұждансыздың ұсқыны ерек… …Алыстан жан ұшырып жеткен ана Қамбардың құлап түсті үстіне кеп. С.Тұр.