Posted in

ЖАППАР ХАҚ (ИЕ, АЛЛА, ҚҰДАЙ)

Жасаған күш, жаратушы. ~ Қызыл жан қысылғаннан орын таппай, Бұрылтып қаратпай тұр екі жаққа. Құтылар бұл аурудан күн бар ма екен, Датымды айт кезіксеңіз Жаппар хаққа! “Кезбе шал” БС. ~ Намазды да ол осындай халде оқыды. Сонда, іштей де, сырттай да тілері, – «о, жасаған жаппар ие, осылай, жақсылыққа жылата гөр!» С.Мұқ. ~ Жаратқан ием, өзің жар бол! Ғайып ерен қырық шілтен желеп, жебей гөр! Жаппар ием… Т.Әбд. ~ Балаларым, құлақ салып тыңдаңдар. Көңілге түйіп, ұғып алыңдар. Жаппар ием жарық дүниені, Күн мен Айды, ж арық пен қараңғыны жаратарда күнге, аптаға, айға және жылға ат қоюды ұмытып кетіпті… Б.Мом. ~ Мәуелеп төгіліп тұр түрлі жеміс, Жаратқан Жаппар Алла бәрін тегіс. Жасалған ақ алтыннан айдаһарлар, Алқаптан тік шаншылып алған өріс. “Нұрғаз”.