Posted in

ЖАПТЫМ ЖАЛА, ЖАҚТЫМ КҮЙЕ

Қасақана жалған айып тағу туралы. ~ Өйткені домалақ арызды жазған сіз деген қорытындыға келіп отырмын. Әбжал атып тұрды. Көзі атыздай. – Шырағым, мынауың жаптым жала, жақтым күйе. Н.Дәут. ~ Өңшең зұлымдардың жаптым жала, жақтым күйесімен жазықсыз тұтқындалды. С.Ом. ~ Сенiкi – жаптым жала, жақтым күйе! – Ержан әр талы мыс сымдай тiкiрейген қып-қызыл шашы шам астында лап етiп атып тұрды да, «Алла, басым!» деп көзiндегi орамалды басқан күйi қайтадан орнына сылқ отыра кеттi. Т.Сәу. ~ Сөйтсе, олардың да байбаламшыл, өсекшi әйелден жаман, жаптым – жала, жақтым күйенi аузы-басы қисаймай сандырақтай беретiнiне, мiне, алғаш рет көзi жетiп, түршiгiп кеттi. Т.Сәу.