Өсіп-өнген, жетіліп -дамыған, құлпырған. ~ Жаз күні далаға шығып, жан-жаққа көз салсақ, жапырағы жайқалған ағаш кел мұндалап тұрады. Бұйраланған бұта, жайқалған шалғын, құбылған егін, құлпырған гүлдер жайнап көрінеді. А.Байт. ~ Бұл шешейдің жапырағы жайқалған келіншек те, Жапекеңнің сәмбі талдай солқылдаған жігіт шағында басталған әзіл болу керек, ащы-тұщы ғұмыр кешіп, ұлын ұясына, қызын қиясына қондырған ата мен апа арасындағы тату-тәтті ынтымақтың бір белгісі. М.Қаб. ~ Ұлан байтақ даланың түкпір-түкпірін түтінге толтырған ызғындай елдің қара жұрты Қаратау ол күндері жапырағы жайылған үрім бұтағының жан-жақтан жамыраса табысып, қатар отырып бір дастарқаннан дәм татқанын көруге асыққан кәрі анадай еміреніп жатар-ды. Ә.Кек. ~ Жасыратыны не, онсызда жапырағы жайқалып тұрмаған төңірек тапа-тал түсте құйын соғып өткендей біртүрлі мұңайып, жетімсіреп, сылқ етіп, көңілсіз күйге түсті де кетті. Қ.Жиен.
