Posted in

ЖАРАДАЙ КӨРДІ

Ұнатпады, жек көрді, суқаны сүймеді. ~ Шәкірт қысқа-қысқа жауап қайырып отырды. «Қалың берген жоқ па еді?» — деп, ойланып отырып тағы сұрады. «Жоқ» деген соң, көңілін жұбатқаны ма, әлде несі: «Әлі жас көрінесіз ғой», — деді тыныш отырмай. Бұл сұрауларды Қартқожа жарадай көріп отырды. Ж.Айм. ~ Дегенмен өз баласы, өз үйінен кісі бармайтын үйлер әлдеқандай көтеріңкі, көршілерін есіркеген болса да, ішін ара өз үйлерінде шүкіршілік етіп, тамағын мезгілімен ішеді. Баласы кететін үйлер оларды көре алмайды, зығыры қайнайды, олардың сөзін жарадай көреді. Ж.Айм. ~ Көп сөйлесті. Қазақ орыстар неге бай, солдат пен мұжық неліктен кедей. Солдаттар “қамшытартқыштарды” (онысы қазақ – орыстарды) неге жарадай көреді. Ж.Айм.