Posted in

ЖАРАҒАН ЖОҚ

Әлдебір пайдалы, жұрт күткен іс жасау қолынан келмеді, көңілден шықпады. ~ Солардың бір де біреуі, кеше Шыңғыстың басына күн туып, ордасын Керей, Уақтың қалың қолы шаппақ болып қамап алғанда, жауына қарсы сойыл соғысу түгіл ат ізін салуға да жараған жоқ. Енді оларды Шыңғыс қалай көрмек? С.Мұқ. ~ Қаралардан қашқалақтаған Шалматайдың өз басы ғана емес, бағанағы бір-бір атқа мініп, Нәзипаға қамшы үйіріп, аттың құйрығына тақпақ болып күпініп жүрген жігіттердің біреуі де сөзге келуге жараған жоқ. І.Жанс. ~ … Тәкежан осы жазда қайнына да барып келді. Өзінің жігіт-желең жолдастары да бар. Қазірде түн сайын қыз аңдып, ауыл-ауылды шулатып та жүреді. Абай ондайдың біріне жараған жоқ. М.Әу. ~ Тапталған ар, қорланған намыстың жоғын жоқтайды-ау деген жақсы мен жайсаңның бiреуi белсенiп шығуға жараған жоқ. Т.Сәу.