Бір-біріне лайық, көрсең көз тоятын екеу (қыз бен жігіт; ерлі-зайыптылар). ~ Ондай-ондайға құқым да, қақым да жоқ-ты. Біраздан бермен қарата білетінбіз. Еститінбіз. Жарасымды жұп қой шіркін, тіл мен көзден аман болсыншы деп, қызығатындардың қатарына қосылғам. М.Байғ. ~ Таныстары екеуіне жарасымды жұп ретінде сырттай қызыға қарайтынын да біледі. Өзі де талдырмаш қана әйел ғой. Әйтеуір, сүйегі жеңіл. Қ.Мұқ. ~ Он бірінші сыныпты бітірген жылы Талдықорғандағы құрылыс колледжіне түскен едім. Анар «қалаға үйренгенше бірінші жыл біздің қасымызда бол», деп, жатақханаға жібермей қойды. Жездем екеуі жарасымды жұп. Қ.Тіл.
