Бір-біріне сай келіп, үйлесе кетті; тату-тәтті ғұмыр кешті. ~ Есеней Ұлпанына риза, Ұлпан Есенейіне риза, жарықшақсыз
жарасым тапқан кездері еді. Ғ.Мүс. ~ Басына бүркеген ақ жаулықты жұлып тастауға қолы бармады. Сырттай ғана таныс жігітпен бірте-бірте жарасым тауып, тағдырдың маңдайына жазғанына мойынсұнды. Ү.Жәл. ~ Сол екеуі ғана жарасым тауып кетер шаңырақтың жылуына салқындық сеуіп тұрардай сезінді. Д.Ис. ~ Жалғандықпен жарасым таппағанда, жатады ылғи бұлт құшып көгімде Күн Жалтақтармен, әйтеуір, көп егесім, көп егестің білемін жебемесін. Ф.Оңғ. ~ Бұл өмірден тапса дағы жарасым, Алды-дағы қоғамнан өз бағасын. Қанша биік ұшса-дағы бұлттардан, Аласарып бара жатыр, Жарасым! Ө.Нұрғ. ~ Қайын сіңіл мен қайныға, Әзілмен жауап қайтарса. Жүректе болса нұрлы үміт, Жарасым тапса бір қылық. Ғ.Қож.
