а) Оңбай құлады, етпетінен түсті. ~ Сүйретіліп аяғы Кішігірім таудай боп, Қарсы ұмтылды Алпамыс Қысыр емген тайдай боп. Қарсыласты екі шер Үркер менен айдай боп. Жетіп келіп қасына, Салып кетті басына, Құлады қалмақ жардай боп. “Алпамыс б.” ~ Енді қыздар ойнады, Қой десе де қоймады. Тізесіне асылды Шөге жатқан нардай боп. Мойынына асылды Қысыр емген тайдай боп. Түзетті қыздар қатарды Құлаған жаңа жардай боп. Ортада отыр Қаракөз Он бесте туған айдай боп. “Алпамыс б.”
ә) Басын көтере алмай жатып қалды. ~ Бұған шейін ханды жоқтаған шекті баласы да жоқ еді. Бүгін аяқ астынан қазаға ұшырады. Жылқайдар жардай құлап жатыр… З.Шүк. ~ Жатсаң да жардай құлап, жаны ашымас, Көңілі көптің сенен суысқансың. Болыңдар бір-біріңнің тілегінде, Бірлікке белдеріңді буысқансың. Т.Ізт. ~ Жардай құлап Жылқайдар ағам жатқанда, жазасына қайрылмай кете бергеніміз ұят шығар – деді Нұрымбет. З.Шүк.
