Бейқам, қауіпті сезбейтін, ештемеден қорықпай, алаңсыз ойнап-күлген адам туралы. ~ Балалық он жасыңыз, Балғын өскен құрақтай. Жиырма деген жасыңыз, Ағып жатқан бұлақтай.
Отыз деген жасыңыз, Жарда ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз, Ерттеулі тұрған құр аттай. Бұқар ж. ~ Жалпы, сахнада «қиын-ойын» жүріп жатқанына қарамай, актерлардың өз рөлдерін жарда ойнаған лақтай ойнақы да еркін, албырт та ашық кейіпте қалың көрерменге жеткізе білуі – жастық құдіретінің жемісі екені түсінікті шығар. Ү.Жәл.
