Абайламай, арандап қалды, мертікті, опық жеді, пәлеге душар болды. ~ Жазушы болам, ақын болам десең, ең алдымен осы жалғандықтан құтыл, күйректіктен сақтан. Жарға жығыласың әйтпесе. С.Шай. – Көмейің босаңдау ма деймін? Шырағым, тілімді ал. Қарадан қарап жүріп жарға жығыласың. Ә.Шәр. ~ Біз сенің тілеуіңді тілеген, сенің ішіңнен шыққан балаңбыз. Сенің жарға ұрынғаның бізге де тұрғызбастық дерт болар еді. М.Әу.
