Пәлеге ұшыратты, жаманшылыққа итермеледі; арандатты, айдап салып түзу жолдан тайдырды. ~ Жайсаңын жарға жығып тобыменен, Өкіріп өлгеннен соң еңіреген. Бауырын байлап беріп қолыменен, Басқаның тұлыбына мөңіреген. Н.Айт. ~ Қаланың бар басты саудагер байларын түршіктірді. Дін мұсылман қарындасты мынау қараңғы күнде, апат үстінде орға, жарға жыққалы тұр. М.Әу. ~ Ол бүліктің аяғы жақсы болмай, жігіт қай жарға ұрынып, нені бүлдірсе де бәріне ұрғашы кінәлі болып шығады. «Әйел жолы – жіңішке» деген сөз содан қалған. Е.Әл. ~ Іштегі сезім асау аттай бұлқынып, жүген салғызбайды. Ала қашып не орға, не жарға құлатпақ болады. Бірақ мен де табандап, қасарысып, тізгінді қолдан шығармаймын. Б.Соқ.
