Қауіп-қатерді сезбей, алаңсыз, бейғам болу хақында. ~ Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай. Шал ақын. ~ Жастықтың жалыны ұрған, жарға ойнаған лақтай кезін еске алғанда, санаңды сарсаңға салып, көңілге мұң ұялай бастайтын кездері болып тұрады. Ы.Дәб. ~ Ит дүние, жарға ойнаған лақтайсың, Толқыған, кетеріңде, сынаптайсың! Алланың береріне кез келсе егер, Тасыған таудан аққан бұлақтайсың! М.Ж.Көп.
