Posted in

ЖАРҒА ИТЕРДІ

Әлдебір қауіпті іске итермелеп, арандатты. ~ Отыз жыл ел тiзгiнiн ұстағанда талай хатшының алдын көрдi. Әпербақаны да, ызбарлысы да, жымиып отырып жарға итеретiн жымысқысы да болды. Т.Сәу. ~ Ол айнаны лақтырып жіберді де, сынықтарын тақасымен өшіге таптады. Осы сұлулығы оны жарға итерді, сұлулығы мен өзі тілеп алған мәңгілік жастығы оның өмірін құртты! О.Уай. ~ Масқарасы не? Мен сені жарға итеріп отырғам жоқ. Әке сөзін тастайтын қайдан шықтың. Жәлелдің балаларынан сен безгенде бөтен жұрт не істемейді. С.Жүн. ~ Сөйтіп… жеке басымның жауларын көбейттім де! Жау көбейсе, жарға итеруі де оңай! Б.Тоғ.