Posted in

ЖАРҚЫН МІНЕЗ

Жадыраңқы, ашық, жағымды мінез-құлық. ~ Алмагүл баяғы жарқын мінезіне салып, Бірләннің асты-үстіне түсіп барады. І.Ес. ~ Анада ең алғаш би алаңында кездескенде-ақ таныс құрбысындай жылы сөйлесіп, бірден үйіріліп кеткен. Бірақ ол қанша ашық сөйлесіп, жарқын мінез көрсетсе де, Халел өз-өзінен бұйығып, сөз таба алмай қысылыс тапқан. С.Жүн. ~ Қырмызы гүлдер-ай, алмастан сені көріп тек. Кінәла мейлің, жарқын мінез, ашық деп, Менсіз де бұл өмірде көбелек сынды ғашық көп. Тығылады құшаққа сан армандар тасып кеп. М.Айт.