Жылы жүзбен қарады. ~ Келушілерге жарқын қабақ танытып, жан шуағын себелеп, ізгілікпен ісі ілгері жылжыған, ары адал, жаны таза мұндай жандар көп-ақ шығар, алайда адамды қуантудың, жақсылық жасаудың шеті мен шегі болмайды екен. Қ.Тоқс. ~ Шырақ – ау, ақпейіл ниетін ұғып тұрмын ғой. “Көңіл көңілден су ішеді” деген рас екен. Ә дегеннен – ақ жатсынбай жарқын қабағын бергенін көрмеймісің бұл орыстың. С.См. ~ Ғалияның. бетіне қарағым.келмейді. Ол да маған біртүрлі селқос, үйір – шүйір, жарқын қабақ көрсетпейді. Менің мұндай нашар халде келуімнен шошынатын тәрізді. Б.Соқ.
