Қолынан келген қарсылықты көрсетіп, жауын өлтіріп тынды. ~ Кенет жалын шарпыған қамыс үйіндісі жан біткендей теңселіп кетті де, соның бір бұрышынан Демежан жолбарысша атылды. Ойы – Бужыңханың, не Ысқақтың алқымына қолы бір іліксе, жастығын ала жығылу еді. Бірақ қамалап тұрған көп шерік оған үлгіртпеді, тұс- тұстан шие бөріше жабылып кетті де, қол- аяғын лезде байлап алды. Қ.Жұм. ~ Кешелі бері Зұмрат әкә кетпей қойды көз алдынан. “Азамат! Екі немісті көзімше жер жастандырды. Үшінші боп өзі жастығын ала жығылды. Мен ше? Бір танкке тигіздім. Д.Тұр.
