Қасық қаны қалғанша қарсылық көрсетті, ерлікпен қаза тапты. ~ Кешегі қарасынның үштен біріндей ғана. Бірақ өлермендік арта түскендей. Бір құмырсқа бір тұтам кейін шегінбеді. Өзінің жастығын ала кетпегені және жоқ. М.Мағ. ~ Қырық қаралы теке түрікпен жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. А.Кем. ~ Үйдей қара пәле үңгірге кіріп келіп, тарпа бас салса, жастығын ала өлейін деген оймен тас қараңғыда төңірегін тапалап, қолға ілігетін тас іздеді. М.Қаб. ~ Ата жаулары олардың малын, дүниесін, жас қыздарын тартып алып әбден қорлапты. Намысқа шыдамағандары «жастығын ала жатса» керек. Б.Тоғ.
