Posted in

ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ (ЖАСЫРАРЫ ЖОҚ)

Ашығын айтқанда д.м. ~ Жасыратыны жоқ, кеңес өкіметі құлап, компартия билігі құрығанға дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғалымдар марксизмленинизмнің аузына қарады. Р.Нұрғ. ~ Жас Сәбит Мұқанұлы мен ол жақтаған, оны жақтаған топ, жасырары жоқ, жаңа алфавит жақтаушылары болды. Қ.Ерг. ~ Жасыратыны жоқ, кешегі кеңес кезеңіндегі қасаң тәртіп тұсында атамыздың затын айту былай тұрсын, атын атауға батылымыз бармады емес пе. Әкеден әрі асып, түбіңді, тегіңді түгендей бастасаң, ұлтшыл деп түп ізіңе түсті. С.Ақт. ~ Шын мәніндегі жақсы жырға, тіпті жасыратыны жоқ, әлі күнге шекті еш бір қазақ кеңес ақыны жасай алмай жүрген өлеңге біз отызыншы, қырқыншы жылдар арасында кездесеміз. Х.Ер. ~ Ол жылдарда Үкімет наградасы екі еңбеккердің біріне беріле бермейтін. Өйткені, жасырары жоқ, кей тұстарда сол наградалар маңдай терлеп, еңбек еткендерден «ұр тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге енеді» демекші, «аты озғандардың» кеудесіне қадалатын. С.Баяз.