Бәрі белгілі емес пе, айтпасам да түсінікті ғой д.м. ~ Жасыратын несі бар, ол кезде мен өскен Аманкелді атындағы колхоз тым күйсіз еді-ау. С.Шай. ~ Жасыратын несі бар; көке – ау? – деді Салиқа осыны айтуым өте орынды деген шешіммен. Т.Әбд. ~ Сол түнде-ақ олар да үйі-жайын тастап, әйтеуір киім кешегін алып колхоздан қашып кетеді. Жасыратын несі бар, інім, басқа колхоздарда да тура осы жағдай болды. Колхозды өзіміз осылай бытыратып алдық… Б.Қыд.
