Posted in

ЖАСЫ ЖЕТТІ

а) Бірталай жасқа келді; қартаң тартты. ~ Құнығып алған-ау! Жас өлімі, жалғыз өлімі, жаны аяулы жақсы өлімі, жасы жеткен кемпір, шал өлімі, бұларға бәрі бір бас. Тек қымбат жаназа болса, түсім көп тиетін жер сезсе ғана бұлар жақсы. Онда шырайланып, сыпайыланып, жібектей есіліп кетеді! – деп қала халқы сырттарынан көп сын айтады. М.Әу.
ә) Балиғатқа толды; бой жетті. ~ Рас, алған малға орай, көп ұлдың ортасындағы жалғыз қыз және жасы жетiп отырған ерке қызды әкесi ырзалап жөнелтем деп, басына көтерген сегiз қанат ақ үйден басқа жабдықты да мол қамдапты. М.Әу.