Көз жасы тоқтаусыз ақты, етегі жасқа толды. ~ Аспаннан тілемей, біз жерден еміндік. Еміндік те еңіредік. Көрінгенге көз саттық. Аларымыз бен табарымыз аз болды. Біреуде жер көп, басқаларда шер көп. Жасымыз жаңбырдай төгілді. С.См. ~ Түні бойы екі көзін Ботагөзден алмаған Айбалаға келген ой: «Апыр-ай, адамның көз жасы мұндай коп болады екен-ау!» Расы солай: іңірден жылаған Ботагөздің жасы омырауына жаңбырдай саулап, тан, қараңғысына шейін бір тыйылған жоқ. С.Мұқ. ~ Жаңбырдай жауа берген көздің жасы, Ат пенен не көрмейді ердің басы. Шөп шулап, ағаш шулап сәлем айтты, Он екі қазылықтың тау мен тасы. М.Ж.Көп. ~ Жаңбырдай жауа берген көздің жасы, Ат пенен не көрмейді ердің басы. Шөп шулап, ағаш шулап сәлем айтты, Он екі қазылықтың тау мен тасы. М.Ж.Көп.
