Әлденеге алаңдап, уайымға салынып, мазадан айрылды, тыныштығы кетті. ~ Ел көшеді Арқадан Атырау деп, Келер күнді ойлаймын-ау, апырау деп, Бейнем-ау. Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім, Төсегінде айнамкөз-ау, жатыр-ау, деп, Бейнем-ау. ХӘ. ~ …байдың малын, артық қатынын, жерін кедейге тартып әпереді… деген лақаптар шыққан соң, жатсам ұйқым, тұрсам күлкім келмеді. Мен де балшабайға жазылып, мылтық алсам деп, ойладым да жүрдім. Ж.Айм.
