Posted in

ЖАТТЫҒЫ ЖОҚ

А) Ерсілігі жоқ, үйреншікті нәрсе. ~ Жұрттың еті өліп кеткен секілді. Солай болатындығын күні бұрын сезіп қойған тәрізі. Көптің бірі Шәрипа болса, осы Шәрипаның өзіне сол өзгерістердің жаттығы жоқ. Б.Майл. ~ Бұлай жатудың Құлтумаға жаттығы жоқ. Бірер үйге әңгіме тыңдау үшін барып, отырған жерінде ұйықтап қалып, таң атыра беретін. Б.Майл. ~ Әйтеуір табиғаттың тірі жаны!.. Тірі жан болған соң табиғат берген сезімнің үлкен-кішіге де жаттығы жоқ қой. Қ.Ысқ.
Ә) Бөтен емес. ~ Толыбайға қылдай қиянат жасаған жері жоқ. Бәрі бір Шектінің баласы… Жанқожа үшін Шекті емес, иісі қазақтың жаттығы жоқ. З.Шүк. ~ Бір-біріне жаттығы жоқ, кемшілігін санаспайтын, әзілден де әрі аспайтын, әңгімесі әмзе жарасқан жігіттердің көзі тірісі күні бүгін де шұрқырасып табысып, көз жұмып кеткендердің бейнесін әркім көңілінде сақтап келеді… Қ.Ысқ.