Posted in

ЖАТ БОСАҒАҒА ТЕЛМІРДІ

Күні басқаға түсті, біреуге кіріптар болды. ~ Мың рет айтылып, мың рет жазылса да ашаршылық тақырыбы қазақтың жүрегіне мәңгі жара боп жармасқан қасірет. Оны ұмыту – өткенімізді ұмыту. Темір жол бойында тентіреп, бір тілім нан таппай өзегі өртеніп өлген аталарымыз бен әжелерімізді ұмыту. Жан сауғалап жат босағаға телмірген, үдере көшіп, босып кеткен бауырларымызды ұмыту. БАҚ. (“ЕҚ”) ~ Шіркін, жоқтық-ай! Осынша өнерлі жанды жат босағаға телміртіп қойған сұсың не деген қатты еді. Ү.Жәл.