Posted in

ЖАТ ЖАНЫНАН ТҮҢІЛСІН

Дұшпаның сенімнен айрылсын, жақсылық күтпесін д.м. ~ Ақтоты алақанын ысқылап, құжырланып, екі иығын қомдап қойды. — Өзіңді- өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі ғой. Әжейдің сөзіне бәрі де ду күлді. Т.Рыск. ~ … кейбір шолжаң балаларша бет-аузын қисаңдатып еркелегендей, ырбаң-ырбаң етіп. езуін жия алар емес, әйтеу өзінен-өзі мәз-мейрам біреу. — «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді ғой Байаға, алдиярым, міне, алдыңа кеп тағы да басымды ием… С.Мұр.