Басқа, бөтен ел, бөгде жұрт. ~ Түркістан өтпек, Сырға жетпек. Мүмкін, Тәшкен асып, мұсылман қауымы жиын отырған қасиетті кенттердің бірін паналар. Күн озған сайын жат жұрт кебейіп, уыстан шығып бара жатқан қайырсыз қонысқа алаңдамайды. М.Мағ. ~ Қауырт келген қуаныш та, үрейді ұшырған қорқыныш сияқты өзекке шапқанда буынға түсіп кетеді екен-ау, жат ел, жат жұрт болып кеткен балаларың келгенде доп болып домаланып жатып қалмағаныңның өзі қандай ғанибет?! Ғ.Біл. ~ Алыс жол, жат жұрт, қатал тағдырмен беттесуге ширығып бекінген түрі байқалады. С.Елу.
