Бөтен ел. ~ Қытай күшейді, орыс өрістеді, біз ойсырадық. Өйткені жақсылардың бәрі жат жерге кетіп, өз жерімізде өңкей өресіздер қалдық. Б.Нұрж. ~ Жақыннан көрмеген соң, не айтатынын білмеймін. Бәлкім, әрқилы сөз, әр түрлі әуен. Бәлкім, бір-ақ ауыз сөз, бір әуен. Қайткенде тынымсыз толғау, таусылмас зар. Жат жерде жазықсыз қазаға ұшыраған жалғыз ұлды жоқтау. М.Мағ. ~ Нөкерсіз үнсіз екеуміз, жетімсірей береміз, Жанға жұмбақ жат жерде жадырамай келеміз, Бауырлас сопылардай-ақ бір-бірімізге ереміз. М.Мақ.
