Posted in

ЖАТ КӨРДІ

Бөтенсіді, сыртқа тепті. ~ Жанашыр жақының жат көріп алыстаса, өз үйіңе бара алмасаң, жамбас сияр оңаша орын берілмесе күнің не болады? Ғ.Біл. ~ Құдай бар болса, бейнесі үшеу ме, төртеу ме — тұлғасы бір болса, бәрімізге ортақ, адалды алқаса, жазықсызды жебесе, ең алдымен мына жаңа жұртымды — мені жат көрмей, баурына тартқан ауылға, осы ауылдың бесіктегі баладан ат үстіндегі азаматқа дейінгі, желек көйлекті бойжеткеннен ақ кимешекті анаға дейін, еңбектеген нәрестеден ақ таяқты ақсақалға дейінгі барлық жанын мархаматпен алқай гөр! М.Мағ.