Бөліп-жармады, жақынына балап, жылы қабылдады; бөтенге санамады. ~ Қара қыпшақ Қобыланды, Алып жауға бармасын. Өзімнен қалған жақсыны, Жат көрмесін! Өз көрсін! А.Байт. “Қобыланды б.” ~ Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын, Қазақтың күйге бөлеп ең даласын. Сауықшыл Орта жүздің Керейі едік, Үш жүздің жат көрмеген еш баласын… Қожаб. ж. ~ Туған інісінің баласы тұрмақ, үркін көштің үстінде, өлі ананың емшегін кергілеп жатқан жерінде, жолдан тауып алған Жолдыбайды да жат көрмеген. Т.Рыск. ~ Жан азығын жат көрген, тән қызығын нәп көрген ұл мен қызды бала дейсіз бе, шала дейсіз бе, өзіңіз біліңіз. И.Сап.
