Posted in

ЖАТ КӨРІНІС

Ұнамсыз, үрейлі, жағымсыз, сөлекет жағдай. ~ Ал біздің қоғамның шырқын бұзатын әрбір жат көрініс менің де жүрегімді айнытады, сезімімді жиіркентеді. М.Әу. ~ Аяқтары жуандап, сүйек-сүйегі адырайып кетіпті. Тарамыс, шандыр атаулысының бәрі білініп тұр. Жылқы ішінің тағы бір жат көрінісі – арасында құлын жоқ. М.Әу. ~ Орны толмай жатқан басқа кем-кетік өз алдына, менің көзіме бірден шалынған жат көрініс — мүгедектердің көптігі. Қ.Жұм. ~ Жіп әкел! — Байла, хайуанды! — десіп, жалғыз қазақты кергілей үймелесіп қалғанда, Әменнің үй-іші мынандай сұмдық жат көріністен үрейлері ұша, шуласып кеткен. Ж.Ахм. ~ Сондағы ой былай дейді баяғысында: «Өткен жылы жайлауда өткен бірер айды есепке алмаса қазан-ошақ төңірегіндегі осы қам-қаракет мен үшін былайша алғанда жат көрініс. М.Қаб.