Posted in

ЖАТ ПИҒЫЛ

Ұстанымы, мүддесі, ниеті бөлек. ~ Қолында қылышы, астында аты бар әлгі «жат пиғылдар» алдында тұрса қасқая шауып, айқасарақ еді. О.Бөк. ~ Сақта тағы пәледен, жаладан да, Жақындатпа жат пиғыл жан адамға. Тостағанның түбіне табынамын, Ақ айранның жұғынын жалағанда. Н.Айт. ~ Бір сынығы болсам деймін Асыл мұра әшекейлі салтымның. Әсірелеп, менің қара басыма Ұлттан бөліп мақтау айтса жат пиғыл, Сіңіре алман, іш-тысыммен салқынмын. Қ.Кен. ~ Жат пиғылдағы діни ағымдар рухани бірлікті біржолата сетінету үшін халықтың қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан діни наным-сенімін жоққа шығаруды күн тәртібіне қойып, осы бағыттта өршелене жұмыс істеді. БАҚ “Абай”.