Жанын сала. ~ Өзің астанадан келіп, атқа мініп жүргенің не болғаның әлдекім құсап, — деп сөгіп тастады. Жат та кеп машина іздеді. Ш.Мұрт. ~ Жетім деген сөзі етімнен өтіп, сүйегіме жетті. Екеуміз жат та кеп төбелестік. Нүсіпбай менен әлді, күшім келмейді. Таяқты көбірек жеп қалдым. Б.Соқп. ~ Сол-сол екен, үміткер ана: “Құлыным, кетейік бұл қарғыс атқан жуан-жуандардан, туған еліңе қайт”, – деп жат та кеп жабысты. Мәңгүрт бұған көнбеді. Ау, малды кім бағады? Ш.Айт. ~ Күздiң қара суығында елiк атамыз деп жасанып шыққан бiр топ салтатты сау ете түстi, ауданның, совхоздың дөкейлерi екен. Көзiң шыққыр бiр қара бұжыр сол жерде жирен құнанды көрiп жат та кеп жабыссын. Т.Сәук.
