Мөлдіреген нұрлы жанар. ~ Сартай. Аты кім? Айналайынның аты кім, жаудыр көздің, қалам қастың. М.Әу. ~ Абай Дәмежанның жаудыр көзіне сәл тамашалай отырып, күле түсіп сөз қатты … М.Әу. ~ Дүниеге таңдана қараған құралайдың лағындай, әлі қайғы-қасіретті көрмеген жаудыр көздерімен бар әлемге шаттана, сене көз тастайтын. І.Ес. ~ Дәмежан жаудыр көзі жалт етіп, Мұхаметжанға тіксіне қарай қалды. М.Әу. ~ Өзеннің жағасында жығылғанында жанары сансыз қан түйіршіктеріне толып жамырап кетіп еді, қазір олай емес, жаудыр көз жұлдыздар ғана самсайды. О.Бөк. ~ Алмагүлдің көзіне көзі түсіп кетіп еді, оның шаттана қалған жаудыр көзінде тұнып тұрған мөлдіреген жасты көрді. І.Ес. ~ Әйтеуір, анау жаудыр көз сәбилері алдында қараңдап жүргенсін амалсыз мойындайтын да тәрізді ме, қалай? М.Сүн. ~ – Жоқ, одан көре алмаймын, өте биік. Түсімде шығар, – деді де ілгері тартты. Жетегінде жаудыр көз ботақан үкісі желбіреп, Тасжаннан үріккендей. О.Бөк.
