Posted in

ЖАУДЫҢ БЕТІН (ҚАЙЫРДЫ) ҚАЙТАРДЫ

Дұшпанға соққы беріп, шабуылын тежеді, кері серпіп тастады. ~ Шынында бұлар — жаудың бетін қайырып, кейінгі елге жол ашып отыратын — соғыс майданындағы әскердің алдыңғы озғыншысы тәрізді. Б.Майл. ~ Бозбаланың мына қылығына ішін тартып қалған кенттің бегі: «Бала, өңмеңдеп төрге өтетіндей жаудың бетін қайтардың ба? Әлде, дария суын құба шөлге бұрып егін салып елді тойындырдың ба?.. Д.Дос. ~ Үш рет немістердің үлкенді-кішілі тобына соқтығысып арада ұрыс болды. Бірде жауып бірде басылып қалыңдаған омбы қардан аяқтары ауырлаған, үздіксіз төнген қауіп қажыта бастаған жауынгерлер жата қалып атысып жаудың бетін қайтарып, қашып орманға тығылады. Т.Ахт.