Posted in

ЖАУРАҒАН ЖҰРТТЫ ЖЫЛЫТТЫ

Әлдебір қуаныш сыйлады; көптің көңілін жібітерлік сөз айтты, іс істеді. ~ Тілек қабыл болғандай: Бұлтты жарып шықты күн. Жиекке нұры толғандай, Жаураған жұртты жылытты күн. А.Байт. ~ Бір жеті өтті. Қара суық қара жерді жалап өтіп, алғашқы қар қыламықтады. Жаураған жұртты жылытайық деген жанашырлық әлі күнге ешкімнің ойында жоқ. Қ.Түм.