Өмірге назды, налалы, әлденеден түңілген, қам көңіл-күй. ~ Бұлыңғыр күн райы, еңсені зіл батпан боп басқан ауыр мұң айдалып келе жатқан ақынның жаураған көңілін онан сайын жабырқатып жіберген. Ү.Жәл. ~ Тұңғиық жанары тұтас бiр әлем секiлдi. Ондағы мейiрiм, инабат, әдемiлiк жаныңды баурап, жаураған жүрегiңдi беймағұлым рахатқа бөлейдi. Әлгi жанар менi үнсiз жұбатқандай болады… Т.Әбд.
