Әлденеден үркіп, әбігерленіп, сасып, берекесі кетті. ~ Айтқали қинала аттан түсті. Осы құдай атқанмен кездессе болды, жаураған торғайдай құты қашатыны несі екен! Ә.Асқ. ~ Жәмек жаураған торғайдай құты қашып тұрса да: – Шамасы, бәрін алдың, жоғал енді тез, жексұрын! – деді іші күйгеннен. Т.Кен. ~ Сөйткен Шыңғысхан ұрпағынан шыққан Әбілқайыр хан болса, енді мынау, бір жігіттің тағдырын шеше алмай жаураған торғайдай құты қашып тұр. І.Ес.
