Posted in

ЖАУ АЛАТЫНДАЙ (АЛАРДАЙ)

Әлдебір қауіп төніп тұрғандай; бостан босқа сақтану, дүрлігу туралы.~ Күңкiлдеген қалпы жау алатындай темiр есiктегi қатарынан салынған үш құлыптың құлағын, бiрiнен кейiн бiрiн сыртылдата бұрады. Ә.Ыб. ~ Ортаңғы бөлмеде отыратын хатшы қызды жау алатындай, бер жағын белуардан келетін торлы тақтаймен қоршап тастапты. Қ.Жұм. ~ Онымен бірге өзінің бүгінгі сәтсіз жортуылы есіне оралды. Сырт сөзге сыр білдірмегенімен оның жау алардай жінігіп кеткенін қостағылар сезбей қалған жоқ. М.Алм. ~ Жаңа ғана жау алардай жалпылдап, дуал ішінде бос жүрген хайуан құйрығын бұтына қысып, сүлкөктей ерді. А.Алт.