Өлім келгір д.м. қарғыс. ~ Сөздері жұрттың айтқан бәрі жалған, Мен жарым жалған айтқан сөзге нанған. Көрмедім жау алғырдан ешбір пайда, Еңбегім босқа кетті іздеп талған!» А.Байт. ~ Мені десең… Мына қарығы ашылмаған өлмелі шешең ажалынан бұрын кетпесін десең жібер мына жау алғырды. Жүгенін сыпыр да жібер… Шыққан ақшаң садақа болсын… Жібер тез! … – деді де булығып одан ары сөйлей алмай қалды. Қ.Мүб.
