Posted in

ЖАУ ЖАНДЫ

Соғысқұмар, даукес. ~ Оған қиса, бір ақынның жырында:
Қатын алма төреден, Қатын алсаң төреден: Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы – ер жанды. Төреден туған еркектер:
Екі үйді бір жерге қондырмас, Атта жал, түйеде қом тұрмас, Жауыққан жаққа бет бұрса, Өліп тынбай болдырмас, – деген сөз бар. Қазақта «төреге ерген ерін арқалайды» деген мақал да бар. С.Мұқ.