~ Ол түгіл аспаннан жауған бомбаны, жерде жұртты жау жапырақтай түсіріп жатқан оқ боранын бірдей көрген менің өзім жаудың миналары аспанды омырып, төбеңнен қопарыла құлап келе жатқанда тұла бойым қалтырап, қол — аяғымның буыны кетіп қалды. Т.Ахт. ~ Науанды көріп тұра алмай, Батырлар кірді ұрысқа. Ағытып ерлік жіберді, Жаужапырақтай түсіріп. “Хан Кене”. ~ Қантар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара жолақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, қия тастан қасқыр қағып келе жатып, арыстанның алты жұмыртқасын омбы қардан ұрып алдым да, ойдан қашқан отыз түлкіні алты жұмыртқа жіберіп ұрып, түлкінің бәрін жау жапырақтай түсіріп, сайды әкеме ас бергендей қан сасыттым. ҚАӘ. ~ Бұл жерде қазақ-қырғыз ұлы қайрат қылған орыс әскерін бет-бетімен бөлектеп ұрысқан. Сарковскийдің отрядын Обуховтан бөлек иіріп алып соғысқан. Сарковский жағын қылыш сойып кеткен. Қолында қаруы жоқ сарт-қазақтың өлігі осы айқаста жау жапырақтай түсті. Қоқан қолы қобырап, қашуға айналды. EL.KZ
