Posted in

ЖАУ ЖЕТТІЛЕДІ

Атой салып, дабыра көтерді. ~ Шіркін, талай түн қараңғысында жау жеттілеп шу көтергенмен бетпе- бет келуге жүректері дауаламай, тап берсе киіз үйге қарай безіп жоғалатын қосүрей маң төбеттердің байбаламын пәруайына алмастан қотанға кіріп кетіп, ынжық хайуанды қолтықтап алып, асықпай сайға қарай жүріп кетуші еді. К.Сег. ~ “Есіркеген, Есіркеген ” деп ақырып жіберіп, қарсы тебінген- ді. Жалғыз аяқ жолда жолыққан ағалы- інілі жау жеттілеп, құйын- перен шауып келіп, ағып өте бере қамшымен бір- бір салысып қалды. О.Бөк. ~ Сол- ақ екен, жаңа ғана «жау жеттілеп» гуілдесіп, айнала ұшып жүрген араның бірі дәл қара тұмсықтан қадала түсті. К.Сег. ~ Бұл 1 пікіріме кемінде 10 пікір «жау жеттілеп» қарсы шығып, арсыл-гүрсіл боларын сеземін. Олардың «аттаны» былай басталар … Ғ.Қаб.