Posted in

ЖАҒАСЫ БҮТІН

Аман-сау, абырой-беделіне нұқсан келмеген. ~ Тәуір ағам қыдырып қайтқан сапарында жағасы бүтін қайтса, үш күн ұйқысынан айрылады. Бекарыстан сылқ-сылқ күлді. — Оның жағасы үшін жылқы қуып, кісі өлтіре берсек, елге сиямыз ба? З.Шүк. ~ Мейманасы асып кеткен шығар, әйтпесе, елінің жағасы бүтін болуын тілейтін ездеріңіз сияқты азаматы барын білмей жүр дейсіз бе, – деп еді, Хакім тағы да іліп әкетті. Х.Ес.