Мамыражай, алаңсыз, қаперінде түк жоқ д.м. ~ Не ғажап?! Жағасы жайлау тоқ көңілдің бір
күйтін ғана қуалап келген Бағдан да жоқ жерден қасірет арқалап, көз жасына ие бола алмай
қалды: ─ Алтын апа, өзіңіздей көріңіз. Шамам келгенше көмегімді аямаспын…C.Шайм. ~
Алысқа тентіремей, ауыл маңында жайылып оттаған мал соңындағы бақташылардың да
жағасы жайлау. С.Жүн. ~ Тіптен баласы мен келінінің ырғалып-жырғалған жағасы жайлау
күйін көргенде, одан сайын күйіп-пісіп, көкірегін кернеген қыжылын ақтара салып еді.
А.Сей. ~ Бұған қосымша, астына сәйгүлік ат мінген, иығына түлкі ішік жамылып, басына
құндыз бөрік киген Қасқырбайдың жағасы жайлауда… Б.Тоғ.~ Ертесіне кешке жақын
анамды қайта шақырды. Капитанға өзім келдім. Кәперінде түк жоқ, жағасы жайлауда, біз
тартқан азапқа масаның ызыңындай да назар аударар емес. Қайта масаттана түскен,
жұтқыншағы бүлкілдеп жұтайын деген кісіше маған жақындай берді. К,Қаз.
